Кәсіпкердің айтуынша, басшы ауысқан сайын келісімшарт бұзылады.
Жамбыл облысында кәсіпкер кәсібінен айырылып, жиырмаға жуық қызметкерімен бірге жұмыссыз қалғанын айтты. Олар 7 жылдан бері теміржол бекетіне келген жүкті түсіріп, тиеп берумен айналысқан, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасы.
Айтуынша, "Кедентранссервис" компаниясына жаңадан келген басшы жерді жалға беру құнын бірден 80% көтеріп, қысымға ала бастаған. Мұндай қомақты соманы төлей алмаған кәсіпкер кәсібін жабуға мәжбүр болыпты.
"Қазіргі уақытта ол келісімшартты бұзды. Бес жылдық келісімшарт болған еді. Себебі қандай? Ешқандай себеп жоқ. Басшы ауысады, келісімшарт бұзылады. Рельс пен краны бәрі құлдырап тұр. Кеңес үкіметінен келе жатқан "Кедентранссервис" бұған бір тиын салмаған. Бәрін өзіміз қолдан жасадық", – деді Ai-MarGroup ЖШС директоры Марат Мырзахметов.
Акционерлік қоғаммен дау басталған кезде кәсіпкер ұлттық экономика министрлігіне де шағымданған. Министрлік өкілдері өз кезегінде заңды жалға алушы Ai-MarGroup екенін және төлемақы көтерілмегенін айтқан. Компания директоры келісімшарт бұзылған соң да екі ай жұмыс істедік деп отыр.
Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай кезінде құжаттары жоғалған алматылық 500 кәсіпкер үкіметтен көмек сұрады
1 наурыздан бастап жер басқа фирмаға беріліп, олар өз жұмысшыларын алып келген. Соның себебінен 30 жылға жуық жұмыс істеген автокран жүргізушілері мен жүк тиеушілер жұмыссыз қалған.
"Қазір жасы келген адамды еш жерде жұмысқа алмайды ғой. Бәрі жұмыстан босап қалса, қалай болатынын білмей отырмыз. Еңбегіміздің барлығы далаға кетейін деп отыр", – деді жұмысшы Мәжит Исмаилов.
Ал "Кедентранссервис" өкілдері жалға алушылар бірқатар талапты орындамағанын айтты. Яғни, ешқандай қысым болған жоқ, бәрі заң аясында жасалды, дейді.
"Сіздің тарапыңыздан қауіпсіздік нормалары мен процедураларының талаптарын елемегендігіңіз және оны әрі қарай бұзуға бағытталған іс-әрекеттер жоспарланғаны белгілі болды. Келісімшарт күшінде болған кезде жалға алушы бірнеше рет ережені бұзды. Бұл келісімшартты бұзуға жеткілікті еді", – деді "Кедентранссервис" баспасөз қызметіндегілер.
Оқи отырыңыз: Нұртай Сабильянов: "Атамекенге" мемлекет бюджетінен қаржы бөлудің қажеті жоқ
Қазір жаңа фирмада Ai-MarGroup компаниясының он қызметкері жұмыс істеп жатыр. Ал қалғандары 1 наурыздан бастап жұмыссыз қалған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
123 мамырдан бастап Астана-Анкара тікелей рейсі қосылады ✈️
-
477
-
0
-
5
-
-
2Ақтөбеде есірткі сатқан тұрғын ұсталды
-
451
-
0
-
1
-
-
37 ақпанда «AMANAT» партиясының кезектен тыс съезі өтеді
-
422
-
0
-
1
-
-
4Қызылорда облысында оқушылар мектепке қайықпен қатынауға мәжбүр болған
-
432
-
0
-
2
-
-
5Шағын және орта бизнес өкілдерінің саны 2029 жылға қарай 5 миллионға жуықтайды
-
414
-
0
-
1
-
-
6Дінтану негіздері, қостілді оқулықтар. Мектеп бағдарламасына қандай оқу кітаптары қосылады?
-
435
-
0
-
2
-
-
7Алимент төлемеген 16 мың азаматқа Қазақстаннан шығуға тыйым салынды
-
423
-
0
-
0
-
-
8Ақпарат министрі: Журналист пен блогерді айыру үшін баспасөз картасын енгіземіз
-
393
-
0
-
1
-
-
9Қуантыров: бала Ұлттық қордан үлесін алу үшін 18-ге толғанға дейін азаматтығын ауыстырмауы керек
-
376
-
0
-
0
-
-
10Оқушыларға неше жастан, қайда, қандай және қанша уақыт жұмыс істеуге рұқсат?
-
347
-
0
-
0
-