Өңірде құрғақшылықтың болуына байланысты бес ауданда төтенше жағдай жарияланған болатын.
Құрғақшылық салдарынан шығынға батқан Жамбыл облысының шаруаларына қолдау көрсету мақсатында үкімет резервінен 3 756 300 171 теңге қаржы бөлінеді. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған құжат жобасынан белгілі болды.
Еске салайық, Қырғызстаннан Қазақстанға келетін су көлемінің қысқаруы егістіктерді қажетті деңгейде суаруға мүмкіндік бермеді. Осыдан туған құрғақшылықтың салдарынан оңтүстік өңірдегі 300-ден астам шаруа миллиардтаған шығынға батты. Мемлекет көмегі, міне, осы шығындарды жабуға бағытталған.
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың нәтижесінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне келтірілген зиянды өтеуге Жамбыл облысының әкімдігіне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде аудару үшін 3 756 300 171 теңге сомасында қаражат бөлінсін", – делінген құжат жобасында.
Оқи отырыңыз: Ауыл шаруашылығы техникасын алуға "Жасыл Даму" АҚ қаражатынан 20 млрд теңге бөлінеді
Қаражат Жамбыл облысының әкімдігіне бөлінеді. Әкімдік өз кезегінде қаражатты жыл соңына дейін игеруі тиіс.
Құжат жобасы жария талқылау мерзімі – 23 қыркүйекке дейін.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1💲Бүгінгі күнге арналған валюта бағамы
-
277
-
0
-
5
-
-
2🥉 Мария Бровкова байдаркада және каноэде есуден жекелей жарыстың WС1 200 м бағдарламасында қола медаль жеңіп алды.
-
277
-
0
-
6
-
-
3🥳Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова қола жүлдегер атанды
-
264
-
0
-
4
-
-
4🥈 Ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды.
-
280
-
0
-
6
-
-
5🏘Үйлі болуды армандаған 233 мыңға жуық қазақстандық баспана кезегінен шығарылады
-
266
-
0
-
6
-
-
6🤩🥈Ескекшілер тағы бір күміс сыйлады
-
259
-
0
-
9
-
-
7🚕Қалалар арасында жолаушы тасымалдайтын такси жүргізушілеріне талап күшейеді
-
263
-
1
-
7
-
-
8🚗Ақтөбелік эвакуатордың көмегімен автокөлікті ұрлап кеткен
-
240
-
0
-
3
-
-
9Ғабит Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды
-
244
-
0
-
2
-
-
10🥇 ХІХ Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлде түсті
-
254
-
0
-
9
-