"Жалған анықтама жазып берген". Қызылорда облысында дәрігер мен шенеунік сотталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қамауды жасыру үшін жалған анықтама алған шенеунік әшкереленді.

Қызылорда облысында мемлекеттік қызметші қамауда болғанын жасыру үшін жалған еңбекке жарамсыздық парағын пайдаланғаны әшкереленді, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Прокуратураның мәліметінше, заң бұзушылық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметіне жүргізілген тексеру барысында анықталған.

"Белгілі болғандай, Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамаққа алынған. Алайда ол жұмыста болмаған себебін жасыру үшін басшылыққа жалған уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұсынған. Тергеу барысында құжаттың жалған екені және оны аудандық аурухананың дәрігері дайындағаны белгілі болды", – делінген хабарламада.

Прокурорлық тексеру нәтижесінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданған. Сот үкімімен:

  • дәрігер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 385-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жылға бостандығын шектеу жазасына кесілді;
  • бөлім басшысы осы баптың 3-бөлігі бойынша жалған құжатты пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалады.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз