Зайсанда екі балықшы суға батып кетті, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
22 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Балықшы ауылдық округінде екі ер адам Зайсан көліне балық аулауға келіп, қайта оралмаған. Іздестіру жұмыстарын ТЖМ құтқарушылары мен өз қайықтары бар жергілікті тұрғындар жүргізді.
Іздестірудің алғашқы күні жағалаудан 3-4 шақырым қашықтықтан суға батып кеткен қайық табылды. 29 қыркүйекте жергілікті тұрғындар 2001 жылы туған ер адамның мәйітін тапты. 30 қыркүйекте құтқарушылар судан 1979 жылы туған ер адамның мәйітін алып шықты.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар онлайн-кредит алмас бұрын сауалнама толтырады. Онда қандай сұрақтар бар?
Іздестіру барысында ТЖМ сүңгуірлері 63 рет суға сүңгіді, ал құтқарушылар жағалау сызығы мен көл айдынын, соның ішінде пилотсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып тексеріп шықты. Ауа райының қолайсыздығы, қатты жел мен көлдегі толқын іздестіру жұмыстарын қиындатты.