FlyArystan әуе компаниясы халықаралық және Қазақстан ішіндегі рейстерге тағы да жеңілдік жариялады. Мұндай билеттерді 8-11 шілде аралығында сатып алуға болады. Бірақ, саяхат мерзімі 2025 жылдың 8 қыркүйегі мен 21 желтоқсан аралығында болуы тиіс.
Науқан аясында Қазақстан ішіндегі рейстерге билет құны 7 000 теңгеден, ал халықаралық бағыттар бойынша 25 000 теңгеден басталады.
"Жеңілдікпен ұсынылған тарифке салмағы 5 кг-нан аспайтын бір дана қолжүгі (өлшемдері – 56×23×36 см) және борттағы кездейсоқ орын кіреді. FlyArystan сапарларды барынша қолжетімді ету мақсатында әуебилеттерге тұрақты түрде түрлі жеңілдіктер ұсынады", – делінген хабарламада.
Еске салайық, FlyArystan әуе компаниясы халықаралық бағытта Бішкек, Тамшы, Ташкент, Инин, Үрімжі, Баку, Кутаиси, Ыстанбұл қалаларына жолаушы тасымалдайды.
USD:
460.1 / 462.7
EUR:
541.5 / 546.5
RUB:
5.95 / 6.07

