
Науқан билеттерін 5 наурыз сағат 23:59-ға дейін сатып алуға болады.
FlyArystan әуе компаниясы дәстүрлі арзан билеттер науқанын жариялады. Бұл жолғы билеттер 25 000 теңгеден басталады және Түркия, Грузия, Қытай, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан халықаралық бағыттарын қамтиды.
Компанияның таратқан ақпаратына сәйкес, билеттерді 3 наурыз сағат 14:00-ден 5 наурыз сағат 23:59-ға дейін сатып алуға болады.
Жеңілдікпен билеттер келесі халықаралық бағыттарға жарамды:
2025 жылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында:
- Кутаисиден Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларына және кері бағытта;
- Ташкенттен Астанаға және кері бағытта;
- Ыстанбұлдан Ақтауға және кері бағытта;
- Үрімшіден Астанаға және кері бағытта.
2025 жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында:
- Ыстанбұлдан Қарағандыға және кері бағытта;
- Бакудан Астанаға және кері бағытта;
- Бішкектен Астанаға және кері бағытта.
Оқи отырыңыз: Air Astana, SCAT және FlyArystan Наурыз мерекелеріне орай қосымша әуе рейстерін іске қосады