USD: 489.1 / 491.7
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

XXV қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың 12 ақпандағы жарыс кестесі

Павел Колмаков / Фото: Оlympic.kz
Павел Колмаков / Фото: Оlympic.kz
Бүгін 7 қазақстандық спортшы жарысқа шығады.

12 ақпанда Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының бесінші жарыс күні басталды.

Бүгін Қазақстан құрамасының жеті спортшысы төрт спорт түрі бойынша сынға түседі.

Жарыс кестесіне сәйкес, күндізгі бағдарлама тау шаңғысынан басталады. Сағат 15:30-да супергигант дисциплинасында Александра Скороходова бақ сынайды.

16:15-те фристайл-могулдан ерлер арасындағы бірінші финалда Павел Колмаков өнер көрсетеді.

17:00-де шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы жекелей сайыс өтеді. Бұл бәсекеде Қазақстан намысын Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник және Дарья Ряжко қорғайды.

Кешкі бағдарлама 20:30-да конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы 5000 метр қашықтықтағы жарыспен жалғасады. Бұл сайыста Надежда Морозова ел атынан сынға түседі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз