"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚО-лардың жұмыс кестесін жариялады.
Мекеме мәліметінше, 8 және 9 наурыз күндері барлық Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) мен мамандандырылған ХҚО-лар, соның ішінде кезекші бөлімшелер де жұмыс істемейді.
Ал Наурыз мерекесіне орай 21, 22, 23 және 24 наурыз күндері де ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лар үшін демалыс күні болады.
25 наурыз, сәрсенбі күні кезекші ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істейді. Азаматтарды қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі.
Айта кетейік, мереке күндерінен тыс уақытта барлық ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді. Кезекші ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лардың тізімін мемлекеттік корпорацияның ресми сайтынан, Instagram–парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.
USD:
460.7 / 463.5
EUR:
542.0 / 547.0
RUB:
6.03 / 6.15