Алматыда 8 наурыз қарсаңында қандай мерекелік концерттер өтеді

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Алматыда көпбалалы аналарды "Алтын алқа" және "Күміс алқа" төсбелгілерімен марапаттайды.

Алматы қаласында 8 наурыз мерекесіне орай барлық ауданында мәдени-мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алмалы ауданында бүгін сағат 15:00-де "Көктем құшағында" концерті өтеді. Мерекелік іс-шара Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ұйымдастырылады.

Әуезов ауданында 5 наурыз сағат 15:00-де "Көктем шуағы" концерті болады. Өтетін орны - Нархоз университеті. Дәл сол уақытта Алатау ауданының Инновациялық шығармашылық орталығында мерекелік іс-шара ұйымдастырылады.

Одан бөлек бүгін Түрксіб ауданының №6 Оқушылар үйінде, Бостандық ауданының "Конкордия" театрында, Наурызбай ауданының Инновациялық технологиялар орталығында мерекелік бағдарламар өтіп жатыр.

Ертең сағат 14:00-де Әуезов ауданының Сарыарқа скверінде Ардагерлер кеңесі және Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ұйымдастыратын "Асыл әже" ретро-концерті өтеді.

Медеу ауданында орналасқан Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында 6 наурыз сағат 11:00-де "Әйелмен әлем әдемі" концерті және көпбалалы аналарды "Алтын алқа" және "Күміс алқа" төсбелгілерімен марапаттау рәсімі болады.

7 наурыз күні сағат 12:00-де Жетісу ауданының мәдениет үйінде "Арулар — асыл жандар" концерті өтеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз