Мұсылман күнтізбесіне сәйкес, Ережеп айының басталуына орай бас мүфти, ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандық мұсылман қауымына өз үндеуін жолдады.
"Ережеп (Ражаб) – Алла Тағаланың соғысуға, қан төгуге тыйым салған (Зұлқағда, Зұлхижжа, Мұхаррам, Ражаб) айларының бірі. "Ражаб" сөзі ұлықтау, құрметтеу деген мағынаны білдіреді. Кейбір деректерде жер жүзін су басқанда Нұх пайғамбар кемеге Ережеп айының бірінші күні мінген, Мұхаммед пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең алғашқы уахи Ережеп айында түскен, осы айда Исра және Миғраж оқиғасы болған деген мәліметтер айтылады. Тағы бір деректе "Ережеп – ол суы сүттен ақ, балдан тәтті және мұздан салқын бір жұмақ өзенінің аты және бұл мөлдір бұлақтан тек осы айда ораза ұстағандар ғана ішеді" делінген", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бас мүфтидің сөзінше, бұл айда ораза тұту немесе тұтпау – әркімнің өз еркі.
"Ислам діні келместен бұрын Ережеп айында құрбан шалу рәсімі бар еді. Ислам келіп, оның үкімін жойды. Бір кісі Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : "Біз жаһилиятта (надандық дәуірде) Ережеп айында (осы айдың құрметіне) құрбан шалатын едік. Енді бізге не бұйырасыз?" – деді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Алланың жолында қайсы айда болса да құрбандықтарыңды шала беріңдер. Алла үшін жақсылық жасаңдар. Тамақтандырыңдар", – деді. Шариғат бойынша жағдайы бар мұсылманға Құрбан айт күні құрбан шалу – уәжіп (міндет), ал басқа уақыттарда ол нәпіл ғибадат болып есептеледі", – деп түсіндірді ҚМДБ төрағасы.
Оқи отырыңыз:
ҚМДБ 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Ораза 19 ақпаннан басталады
Қажылық 2026: ҚМДБ қажылық орындарды алуға байқау жариялады
lw-3094948329-1
USD:
510.5 / 513.1
EUR:
600.5 / 605.0
RUB:
6.43 / 6.55