Құжаттар 31 тамызға дейін қабылданады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылы қазақстандықтарды қажылыққа апаратын туроператорларды анықтау үшін жыл сайынғы байқауды жариялады. Үміткерлер құжаттарын 31 тамызға дейін ұсына алады.
Байқау шарттары:
- "Қажылық-2026" маусымына дайындығы және нақты игере алатын қажылық орын саны мен мүмкіндігі туралы ҚМДБ-ға өтініш хат жіберу;
- Туроператорлық қызметті жүзеге асыру бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сай берілген тиісті мемлекеттік лицензиясының және ҚР туристік қызметі туралы заңының 27-3-бабының 1-тармағына сәйкес қосымшасының болуы;
- Салық комитетінде тіркелгені туралы куәлігінің және салықтары төленгенін айғақтайтын құжаттардың болуы;
- Қажылық пен ұмраны ұйымдастыруда тұрақты оң 5 жылдық тәжірибесінің бар екендігін айғақтайтын құжаттардың болуы;
- ҚР заңдарын және САК тарапынан қажылыққа қатысты қойылған талаптарды бұзбауы;
- ҚР аумағында халыққа сапалы қызмет көрсете алатын кеңсесінің болуы (кеңсенің мекен-жай анықтамалығы, кеңсе немесе ғимаратты жалға алған келісім-шарты).
"Аталған құжаттар hajj@muftyat.kz поштасы арқылы 2025 жылғы 31 тамызға дейін қабылданады. Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған туроператордың ұсыныстары қаралмайды. Туындаған сұрақтар бойынша аталған поштаға және ҚМДБ Қажылық бөліміне (Жәнділлә Бекжігітов 87014770717) хабарласуға болады", – делінген ҚМДБ хабарламасында.
USD:
503.9 / 506.9
EUR:
588.0 / 593.0
RUB:
6.55 / 6.67

