Химия бойынша Нобель сыйлығын Франция мен Жапония ғалымдары алды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ғалымдар химияда ғасырдан астам уақыт бойы шешімін таппай келген мәселеге жауап берген.

2026 жылғы химия бойынша Нобель сыйлығы француз ғалымы Анри Каган мен жапониялық ғалым Кенсо Соаиге берілді. Олар асимметриялық органикалық синтездегі сызықтық емес әсерлер мен автокатализді ашқаны үшін марапатталды.

Нобель комитеті сарапшыларының түсіндіруінше, ғалымдар химияда ғасырдан астам уақыт бойы шешімін таппай келген мәселеге жауап берді. Аминқышқылдары сияқты кейбір молекулалар бір-бірінің айнадағы бейнесі болып саналатын екі нұсқада кездеседі. Алайда тірі ағзаларда осы екі нұсқаның біреуі ғана басым қолданылады. Бұл құбылыс химиялық хиральдылық немесе гомохиральдылықпен байланысты.

Анри Каган 1980-жылдары химиялық реакция кезінде молекулалардың белгілі бір айнадағы нұсқасының түзілуін басым етуге болатынын зерттеді. Оның еңбектері аз ғана бастапқы айырмашылықтың реакция барысында күшейе алатынын көрсетті.

Кенсо Соаи 1990-жылдары кейін өз атымен аталған химиялық реакцияны зерттеп, бір хиральды молекуланың сол хиральдылықтағы молекулалардың түзілуін катализдей алатынын көрсетті. Бұл нәтиже табиғатта кездесетін бір бағытты молекулалық құрылымдардың қалай пайда болғанын түсіндіруге жол ашты.

Ғалымдардың жаңалығы дәрі-дәрмек жасау үшін де маңызды. Өйткені бір молекуланың айнадағы екі нұсқасының ағзаға әсері әртүрлі болуы мүмкін. Ғалымдар жүргізген зерттеулер химиялық реакцияларда қажетті молекулалық нұсқаны дәлірек алуға мүмкіндік береді.

Биылғы Нобель сыйлығының ақшалай мөлшері 12 миллион швед кронын құрайды. Сыйлықты тапсыру рәсімі 10 желтоқсанда Стокгольмде өтеді.

Айта кетейік, 8 қазанда әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты анықталады. Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері 9 қазанда Ослода белгілі болады. Ал экономика ғылымдары бойынша Альфред Нобельді еске алуға арналған сыйлықтың лауреаты 12 қазанда жарияланады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау