XI Baiqonyr Film Festival өтінім қабылдау басталды

Иллюстрация: XI Baiqonyr Film Festival ұйымдастыру алқасы
Иллюстрация: XI Baiqonyr Film Festival ұйымдастыру алқасы
Өтінімдерді 1 шілдеге дейін тапсыруға болады.

1 наурызда XI халықаралық Baiqonyr Film Festival кинофестиваліне қатысуға өтінім қабылдау басталады. Барлық байқау бағдарламасына фильмдерді 1 шілдеге дейін тапсыруға болады. Фестиваль 2026 жылғы 19-25 қыркүйек аралығында өтеді.

Биыл фестиваль бағдарламасы төрт бағыттан тұрады: 

  • Дебюттік толықметрлі көркемсуретті фильмдердің халықаралық байқауы;
  • Халықаралық қысқаметрлі фильмдер байқауы;
  • Ұлттық қысқаметрлі фильмдер байқауы;
  • Baiqonyr Pitching (сценарийлер байқауы). 

Фильмдер түпнұсқа тілде, ағылшын тіліндегі субтитрмен қабылданады. 

Қатысушыларға жас шектеуі жоқ. Байқауға 2025-2026 жылдары түсірілген және бұған дейін Baiqonyr-ға ұсынылмаған жұмыстар қабылданады. Қысқаметрлі фильмдер байқауына ұзақтығы 30 минутқа дейінгі туындылар қабылданады. Сондай-ақ бір автордан немесе сценаристер тобынан берілетін өтінім санына шектеу жоқ.

"2026 жылы фестиваль аясын кеңейтіп, Еуразия елдерінен де өтінім қабылдаймыз. Бұл фестивальдің халықаралық ауқымын едәуір ұлғайтады", – деді фестивальдің негізін қалаушы әрі президенті Әнуар Кенжебаев.

Тағы бір жаңалық – биыл Baiqonyr Pitching байқауы қайта іске қосылды. Бұл жоба жас авторларға өз идеясын сценарийден дайын фильмге дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Қатысушылар менторлардан кеңес алып, продюсерлік қолдауға ие болады, сондай-ақ саладағы ресурстарға қол жеткізеді. Питчинг кураторы – танымал продюсер Әсел Ержанова. Pitching Day 21 қыркүйекке жоспарланған.

Фестивальдің толық бағдарламасы мен күнтізбесін осы жерден көруге болады. Фильмдерді FilmFreeway платформасы арқылы жіберуге болады.

Айта кетейік, былтыр фестиваль 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Халықаралық байқауға 865 өтінім, ұлттық байқауға 171 өтінім келіп түсті. Бұл көрсеткіш фестивальге деген қызығушылық жыл сайын артып келе жатқанын және оның киноэксперименттерге арналған маңызды алаңға айналғанын көрсетеді.

Фестиваль 2020 жылдан бері ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастығы қорының қолдауымен өткізіліп келеді.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз