Алматыда VIII Baiqonyr халықаралық кинофестивалінің жеңімпаздары марапатталды. Конкурстан тыс Киносыншылар мен кинотанушылардың II халықаралық форумы және Корей анимациялық кино күні өтті. Сондай-ақ6 жаңа киножобалардың тұсаукесері және танымал кинематографистердің шеберлік сыныптары болды.
Baiqonyr жеңімпаздары
Ұлттық көркем және деректі қысқаметражды фильмдер байқауы:
- "Үздік фильм" – "Сабыр", режиссерлері – Марина Зиберт, Дамир Танатов, продюсері – Әйгерім Сатыбалды;
- "Үздік режиссура" – Ілияс Антар Ахмет, "Клубничная принцесса";
- "Үздік операторлық жұмыс" – Мағжан Адильшинов, "Бей, беги, замри";
- "Үздік сценарий" – Дендер Думан, "Сары – өмір";
- "Үздік әйел рөлі" – Камила Мусанова, "Эпилог";
- "Үздік ер адам рөлі" – Салих Сейсенбай, "Сабыр";
- "Үздік көркем-суретші" – Адиль Абабахриев, "Кассета";
- "Үздік монтаж" – Ерасыл Байболов, "С днем независимости";
- "Үздік дыбыс" – Илья Гариев, "Сары – өмір";
- Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – "Беги, Адема, беги".
Халықаралық көркем және деректі қысқаметражды фильмдер байқауы:
- "Үздік фильм" – "Әй, Гюнеш!" (Грузия);
- "Үздік режиссура" – Дастан Мадальбеков, "Сын отца своего" (Қырғызстан);
- "Үздік операторлық жұмыс" – Айгүл Нұрбулатова, "Маленькая любовь" (Қазақстан);
- "Үздік сценарий" – Лусине Папоян, "Уравнение с двумя переменными" (Армения);
- "Үздік әйел рөлі" – Лия Латыпова, "Дети Йети" (Татарстан, Ресей);
- "Үздік ер адам рөлі" – Юрий Борисов, "Прости меня, Аня" (Ресей);
- Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – "Беглец" (Грузия).
Сонымен қатар киносыншылар қырғызстандық Никита Ловецкийдің "Галина Петровна" атты фильмін "Үздік фильм" деп таныды.
Almaty animation festival жеңімпаздары
Негізгі байқау:
- "Үздік анимациялық фильм" – "Белый-белый день" (Ресей, Франция, Канада), режиссері – Василий Чирков;
- "Үздік көрнекі шешім" – "Hadis" (Әзірбайжан), режиссері – Назрин Агамалиева;
- "Үздік экспериментальды анимациялық фильм" – "Ашмётки" (Ресей), режиссері – Алиса Шадрина;
- "Үздік дыбыс" – "Уважаемые пассажиры" (Ресей), режиссері – Макс Куликов;
- Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – "Кстати, о птичках" (Ресей), режиссері – Алла Вартанян және "Метаморфозы" (Қазақстан), режиссері – Айтолкын Əлменова;
- Қазақ ұлттық стилін анимацияда насихаттауға қосқан үлесі үшін арнайы сыйлығы – "Kandai rakat sabiler zhulamagan!" (Қазақстан), режиссері – Маржан Жұбаныш.
Халықаралық студенттік анимациялық фильмдер конкурсы:
- "Үздік студенттік анимациялық фильм" – "Одинока ли Луна" (Қытай, Ресей), режиссері – Мария Лукина;
- "Анимациядағы жаңашылдық" – "Рояль в кустах" (Ресей, Эстония), режиссері – Дашка Дементьева,
- "Үздік көрнекі шешім" – "Манки Битс" (Ресей), режиссері – Маша Семина;
- "Үздік кейіпкерлер анимациясы" – "Про кошку, которая стеснялась носить очки" (Қазақстан), режиссері – Анна Ким;
- "Үздік музыка" – "Отражение" (Қазақстан), режиссері – Улбосын Пирмаханова;
- "Үздік экспериментальды анимациялық фильм" – "Я боюсь, что у моего будущего ребенка будет аутизм" (Қазақстан), режиссері – Даяна Чернышева.
Фестивальдің Қазақстанның анимациялық индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы сыйлығы – Tasqyn studio.