Тікелей эфир

Халықаралық олимпиада жеңімпаздары байқаусыз ЖОО грантын иеленетін заң жобасы мақұлданды

Жаңадан ашылатын ЖОО үшін жоғары оқу орындарына арналған лицензиялардың 5 жыл қолданылу мерзімі енгізілмек.

Қазақстан Республикасындағы бала құқықтарын қорғау саласында тиімді құқықтық негізді қалыптастыру және осы саладағы заңнаманы жетілдіру мақсатында заң жобасы әзірленді. Аталған заң жобасы шеңберінде жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 38, 41 және 48-тармақтарында көзделген тапсырмаларды іске асыру жоспарланған.

"Заң жобасында жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру бағдарламаларын, оның ішінде олардың академиялық дербестігін кеңейту, ҚР БҒМ-нің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының тізбесін және сыныптау өлшемшарттарын бекіту жөніндегі құзыретін айқындау жолымен жаңарту қаралды. Сондай-ақ, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне конкурсқа қатыспай ЖОО-ға түсу үшін білім гранттарын беру тәртібін айқындау мәселесі назарда болды", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: "Бір жылда 12 ғасыр тарихын оқиды". Алматылық ұстаз оқу бағдарламасын өзгертуді ұсынды


Заңнамалық актілерде:

  • жаңадан ашылатын ЖОО үшін жоғары оқу орындарына арналған лицензиялардың 5 жыл қолданылу мерзімін енгізу;
  • ЖОО-ның лицензиясы қайтарып алынған жағдайда білім алушыларды ауыстыру бойынша құрылтайшының міндеттемелерін бекіту;
  • лицензияны немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу тәртібін регламенттеу көзделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жоғары оқу орындарының білім беру сапасы үшін жауапкершілігін күшейту (ЖҰЖ-ның 48-тармағы) бойынша нормалар көзделеді.

Еске салсақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй есебіне қою мерзімін қысқартатын заң жобасының мақұлданғаны туралы хабарлаған едік. 

Серіктестер жаңалықтары