Тікелей эфир

Халықаралық іздеудегі Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Грузияның әділет министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 млн тенгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрыңғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған, сондықтан оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген тұлға Грузияда анықталып, ұсталды. 

"Грузиялық әріпестермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін бас прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанған әкелді", – делінген прокуратура хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: ТЖМ бұрынғы басшысы Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізіледі


Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Жоғарыда көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары