Тікелей эфир

ТЖМ бұрынғы басшысы Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізіледі

Қазіргі таңда өрттың шығу себебіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге қатысты тексеру жүргізіледі. Бұл туралы үкімет отырысында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов журналистерге берген сұхбатында айтты.

"Президенттің бас прокурорға берген тапсырмасы аясында тексеру жүргізіледі. Өрт фактісі – бұл төтенше жағдай, қаза тапқан адамдар бар. Сондықтан қылмыстық іс аясында толық тексеру болады. Бұл жағдайда неліктен уақытылы шара қолданбады, соның бәрі тексеріледі", –деді министр.


Оқи отырыңыз: Абай облысындағы өртке байланысты Даниал Ахметов жауапқа тартыла ма?


Министрдің айтуынша, тергеуге екі ай уақыт берілген.  

"Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Іс арнайы прокурорлардың жүргізуіне қабылданды. Себеп ретінде қасақана өртеу, немқұрайлылық, найзағай түсу нұсқалары бар. Сараптамалар мен іздестіру шаралары жүргізіледі. Тергеуге 2 ай уақыт берілді", – деді министр.

Серіктестер жаңалықтары