Тікелей эфир

Халықаралық әуе рейсінің жолаушысы діни мазмұндағы 35 кітапты заңсыз әкелгені үшін жазаланды

22 жастағы Атырау тұрғыны Әбу-Дабиден Қазақстанға оралған.

Халықаралық әуе рейсінің 22 жастағы жолаушысына діни мазмұндағы кітаптардың 35 данасын заңсыз әкелгені үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Әбу-Даби – Түркістан бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін жолаушыларды тексеру кезінде қала әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін Атырау қаласының 22 жастағы тұрғынын анықтады. Тексеру барысында жоғарыда аталған азаматтан діни мазмұндағы кітаптардың 35 данасы табылып, тәркіленді.

Құқық бұзушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген діни әдебиеттерді әкелуге қойылатын талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК (184 600 теңге) көлемінде айыппұл салынды.


Оқи отырыңыз: Шетелден келетін гуманитарлық көмек кеденде кезекте тұрмайды


 

Серіктестер жаңалықтары