Тікелей эфир

Шетелден келетін гуманитарлық көмек кеденде кезекте тұрмайды

Гуманитарлық көмекті қабылдау туралы шешімді үкімет басшысы не орынбасары қабылдайды.

Қазақстанға шетелден келіп жатқан гуманитарлық көмектің қажетті өңірлерге тез жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында Үкіметтің "Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгертулер енгізіліп жатыр. 

Оған сай, енді гуманитарлық жүк тиелген транспорт шекарада кезек күтіп тұрмайды. 

"Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін және әкетілетін тауарларға қатысты кедендік әкімшілендіру мен кедендік бақылауды бірінші кезектегі тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етеді" делінген қаулының жаңа мазмұнында. 

Бұл үшін, әрине, Қазақстан үкіметі гуманитарлық көмекті қабылдау туралы шешім шығарған болуы керек. Бұл процесс те бұрын алдын ала арнайы комиссияның қарауына жіберіліп, үш күнге созылатын болса, енді екі тәулік ішінде шешіледі. 

Гуманитарлық көмекті қабылдау не одан бас тарту жөніндегі шешімді премьер-министр не оның орынбасары қабылдайды. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда гуманитарлық көмек қабылдау және бөлу тәртібі жеңілдейді


 

Серіктестер жаңалықтары