Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Сайлауды өткізудің жүйесі толығымен қайта құрылады. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәжіліс отырысында баяндады.
"Сайлау процесі заманның талаптарына сай жетіліп келеді. Депутаттық мандатты кері қайратып алу жаңа институты енгізіледі. Мандатты кері қайтарып алу институты реформаның маңызды қадамы шығар. Өйткені бұрын заңнамада мұндай норма болмаған. Сайлаушылардың сенімін жоғалту кандидаттың өзіне байланысты. Сайланған кезде бәрі халықтың алдында уәде береді, шешілмеген мәселелерін біліп, халықтың үмітін тыңдап, уәде беріп, орындамайтындар да бар. Әлде бір депутаттың мандатын алып, халықпен кездеспей, халықпен қатынаспай, олардан қашып жүргендер де болады. Әрбір жағдайда сайлаушылар өздері қарайды, бұл депутатқа сенімі бар ма, жоқ па деп. Жағдай әртүрлі болады. Оны сайлаушылардың өзі шешуі керек", – деді Қанат Мусин Мәжіліс отырысында.
Сонымен қатар министр бұл институтты депутаттың бәсекелестері теріс пайдаланбауы үшін нақты процедурасы бар екенін атап өтті.
"Сайлаушылар депутаттың мандатын қайтарып алу туралы дауыс жинауы керек. Мандатын кері қайтаруы үшін сайлаушылардың отыз пайызы қолын қою керек. Ондай жағдайда сайлау комиссиясы сайлау күнін анықтайды, содан кейін сайлаушылардың елу пайызынан астамы депутаттың мандатын кері қайтарып алуға дауыс берсе, мандаты қайтарылады", – деді Қанат Мусин.
Бұл туралы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасында жазылған.
Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаттары Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауды ұсынды
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1💵 "Бірнеше айға созылып кетеді". Асхат Аймағамбетов әлеуметтік саладағы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сынға алды
-
256
-
0
-
1
-
-
2💰 Еңбек министрлігі ең төменгі жалақыны айқындау әдістемесін өзгертпек
-
268
-
0
-
0
-
-
3🐶 Тазы мен төбеттің қазақы ит тұқымдары екенін халықаралық тұрғыда ресми бекіту қажет – Кинологтар одағы
-
252
-
0
-
2
-
-
4🚧 Сарапшы: 2030 жылы сұранысқа ие болатын жұмыс орындарының 85%-ы әлі пайда болмады
-
250
-
0
-
0
-
-
5✈️ "Агенттік жауапкершілікке тарту тәртібін бұзды". Air Astana айыппұлға қатысты сот шешіміне шағым түсіреді
-
244
-
1
-
0
-
-
6🦠 Сібір жарасы: Жамбыл облысындағы бір ауыл карантинге жабылды
-
235
-
0
-
0
-
-
7⚡️Қазақстан электр энергиясын Түркия мен Еуропаға экспорттауды жоспарлап отыр
-
229
-
0
-
1
-
-
8💸 Шенеуніктер үшін табысын жариялау міндеті 2025 жылға шегерілді
-
223
-
0
-
0
-
-
9🛍 Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі рейтингінде 113 елдің арасында 32-ші орында
-
227
-
0
-
0
-
-
10🚬 Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекінің бағасы көтеріледі
-
259
-
0
-
0
-