Тікелей эфир

Халық тығыз орналасқан өңірлерге қосымша 10 мың грант бөлінеді

2025 жылға қарай грант санын 75 мыңға дейін арттыру жоспарланып отыр.

2025 жылға қарай Түркістан, Маңғыстау, Атырау және Алматы облыстарында бөлінетін грант саны артады. Бұл аталған өңірлерде халықтың тығыз орналасуымен байланысты, деп мәлімдеді БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев. 

"2018 жылы грант саны 32 мыңнан 56 мыңға дейін өсті. Енді 2025 жылға қарай грантты 75 мыңға дейін арттыру жоспарланып отыр. Мұнымен қатар, халық тығыз орналасқан Түркістан, Маңғыстау, Атырау және Алматы облыстары сынды өңірлердің үміткерлері үшін техникалық бағыттар бойынша 10 мың нысаналы грант бөлінеді", – деді Әділет Тойбаев. 


Оқи отырыңыз: БҒМ: Шетелден келе алмаған студенттерді ЖОО икемді кесте бойынша оқытады


Департамент өкілі жоғары білікті техникалық және инженерлік кадрларды даярлауға басты назар аударылатынын мәлімдеді. Сондықтан биыл техникалық және IT салаларға бөлінетін гранттардың үлесі 60%-ға дейін артады.

"Екіншіден, алдағы жылдары контингент саны өседі деп күтілуде. Осыған байланысты ғимараттарды салуға мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін енгізеді. Сондай-ақ, 20 жоғары оқу орнының базасында академиялық шеберлік орталықтарын құру жоспарланып отыр. Жоба өңірлерді кадрлармен қамтамасыз етуге және заманауи оқу және ғылыми зертханаларды құруға бағытталған", – деп түсіндірді департамент директоры. 

Бұдан өзге Әділет Тойбаев педагогикалық ұжым мен студенттерге арнап психологиялық қызмет пен ситуациялық орталықтардың жұмыс істейтінін атап өтті. 

"Бүгінде жоғары оқу орындарында 36 мыңнан астам оқытушы жұмыс істейді. Шамамен жартысының академиялық және ғылыми дәрежелері бар. Мұғалімдер шамадан тыс қағазбастылық пен оқу жүктемелерінен босатылған. Оқу жылының басынан бері оқу жүктемесі 2 есеге, 680 сағатқа және есеп беру нысандары (35%) қысқартылды. Педагогикалық қызметкерлердің жалақысы көтерілді. Бұл оқытушыларды ғылыми зерттеулермен айналысуға және олардың кәсіби деңгейін көтеруге ынталандырады", – деді Әділет Тойбаев. 

Мұнымен қатар, елдегі тәртіпсіздіктерге байланысты ЖОО-лардың 100% ,ақылау жүйесімен қамтамасыз етілгені айтылды.

Еске салсақ, шетелден келе алмаған студенттерді ЖОО-лардың икемді кесте бойынша оқытатыны туралы хабарлаған едік. Көктемгі семестрде оқу дәстүрлі және аралас форматта жүргізіледі.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары