Тікелей эфир

Халық санағы: елімізде қазақтардың үлесі қанша?

2009 жылдан бері қазақтардың үлесі 33,7%-ға өскен.

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша қазақтар саны 13,4 млн адамды құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жариялаған ұлттық санақтың қысқаша қорытындысында жазылған.

2009 жылдан бергі өсім – 33,7%. Сол жылы жүргізілген ұлттық санақта қазақтардың саны 10 млн адамға жеткен болатын. Сонда жалпы халық санындағы қазақтардың үлесі 63,1%-дан 70,4%-ға дейін өсті.

Қазақстанда қазақтардан кейінгі саны көп ұлттар:

  • орыстар – 2,9 млн адам;
  • өзбектер – 614 мың адам;
  • украиндар – 387 мың адам;
  • ұйғырлар – 290 мың адам.

Оқи отырыңыз: 25 жылда Қазақстан өңірлерінде халық саны қалай өзгерді? Инфографика


Санақ қорытындысы бойынша еліміздегі этностар саны 124-ті құрады. Олардың арасында ливтер, вепсілер, орочтар, долгандар, даниялықтар, удэгейлер, цахурлар, мансылар, нанайлар, моңғолдар, селькуптер, чукчалар, ульта, нивхтер, ижорлар, кеттер, коряктар, қырымшақтар, нганасандар, саамдар, чувандар бар.

2021 жылғы санақ раундының сауалнамаларына "ұлтты көрсетпеу" жауап нұсқасы қосылып, 24,8 мың адам өз ұлтын көрсетуден бас тартты. Ал "басқа ұлт" жауабын таңдағандар 47,5 мың адамды құрады. 2009 жылғы санақ кезінде бұл жауапты белгілеген 8 адам ғана болған.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары