2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Халық Кеңесіне мүше кәсіпкерлер қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына көмек беретінін мәлімдеді

Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Шахмұрат Мүтәліп әр отбасына 25 миллион теңгеден көмек бөлсе, Гаджи Гаджиев жалпы 100 миллион теңге қаржылық қолдау көрсететінін айтты.

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде қаза болған әскери қызметшілердің әрқайсының отбасына 25 млн теңгеден қаржылай көмек көрсететінін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Бүгін Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілеріміз қаза тапты. Мемлекет басшысы марқұмдардың отбасына көңіл айтып, оларға барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды және ертеңгі күнді жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Ең алдымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі ретінде, сондай-ақ кәсіпкер ретінде осынау қайғыны теңдей бөлісуді парызым деп санаймын. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың үндеуін қолдай отырып, Integra Construction KZ компаниясынан қаза тапқан әрбір әскери қызметшінің отбасына 25 миллион теңгеден қаржылай көмек бөлінетінін хабарлаймын. Көмек атаулы түрде, мемлекеттік қолдауға қосымша көрсетіледі", – деп жазды ол. 

Сондай-ақ, Қазақстан Халық Кеңесінің тағы бір мүшесі, Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Гаджиев қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсететінін мәлімдеді.

"Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі әрі еліміздің спорт қауымдастығының өкілі ретінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 миллион теңге көлемінде материалдық қолдау көрсетуді өзімнің азаматтық парызым деп санаймын. Әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан жауынгерлердің жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады", – деді ол.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметшіні Каспий теңізі ағызып әкетті. Қорғаныс министрлігі 12 адамның қаза тапқанын растады. Үш әскери қызметші құтқарылды, іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиға орнына қорғаныс министрі Дәурен Қосанов пен үкіметтік комиссияның төрағасы Қанат Бозымбаев аттанды.

Ақтау гарнизоны қылмыстық іс қозғады. Тергеуді арнайы құрылған жедел-тергеу тобы жүргізіп жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау