Халал туризм. Әлем мұсылмандары қай елдерге жиі саяхаттайды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Биыл халал туризмдің нарықтық құны 15 пайызға артып отыр.

Halalfocus.com порталының жазуынша, әлемде мұсылмандарға бағдарланған туристік қызметтердің артуына байланысты әлемде халал туризмнің дамуы серпін алып отыр. 2026 жылы туризмнің бұл секторының нарықтық құны 15 пайызға артып, 280 миллиард долларды құраған. 

Ал мұсылман саяхатшылардың саны 160 миллионға жетті деген дерек бар. Дегенмен, бұл көрсеткіш халал туристік қызметтерді пайдаланған туристердің саны бойынша есептелгенін ескеру керек.

Порталдың жазуынша, мұсылмандар туристік мақсатта жиі баратын елдер қатарына Индонезия, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия және Сауд Арабиясы жатады. Бұл елдерде мейрамханалар мен қонақүйлердің басым бөлігі халал сертификатымен жұмыс істейтін болса, әлемнің басқа елдерінде де халал қызмет көрсетуге бейімделіп жатқан кәсіпкерлер қатары көбейген. Мәселен, оңтүстік Корея, Жапония секілді халқының басым бөлігі мұсылман болып табылмайтын елдерде де халал туристік қызмет көрсететін кәсіпкерлердің саны арта түскен. 

Мамандардың болжамынша, 2028 жылға қарай халал туризмнің орташа табысы 350 миллиард долларға дейін жетуі мүмкін. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау