USD: 465.3 / 467.9
  • EUR: 536.0 / 541.0
  • RUB: 5.35 / 5.47
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

WhatsApp аккаунтыңыздың бұзылғанын қалай анықтауға болады? ІІМ маңызды ескерту жасады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
ІІМ WhatsApp қауіпсіздігі туралы маңызды ескерту жасады.

Ішкі істер министрлігі азаматтарға WhatsApp мессенджеріндегі аккаунттарға рұқсатсыз қол жеткізу жағдайлары туралы ескерту жасап, жеке деректерді қорғау үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды.

ІІМ WhatsApp аккаунтының қауіпсіздігін арттыру үшін екі сатылы тексеру функциясын қосуды ұсынды. Ол үшін:

  • WhatsApp қосымшасын ашып, "Баптаулар" бөліміне өту;
  • "Аккаунт" → "Екі сатылы тексеру" бөлімін таңдау;
  • "Қосу" батырмасын басып, алты таңбалы PIN-код орнату;
  • аккаунтты қалпына келтіруге арналған электрондық пошта мекенжайын енгізу қажет.

Министрлік орнатылған PIN-кодты ешкімге бермеуге шақырды. Сонымен қатар пайдаланушылар аккаунтқа қосылған құрылғыларды жүйелі түрде тексеріп отыруы тиіс. Егер "Байланыстырылған құрылғылар" бөлімінен белгісіз құрылғы анықталса, оны дереу жүйеден шығару ұсынылады.

ІІМ мәліметінше, аккаунттың бұзылғанын көрсететін негізгі белгілер мыналар:

  • белгісіз құрылғылардың аккаунтқа қосылуы;
  • пайдаланушының қатысуынсыз хабарламалардың жіберілуі;
  • таныстардың сіздің атыңыздан күмәнді хабарламалар алғанын айтуы;
  • өзіңіз сұратпаған растау кодтарының SMS арқылы келуі;
  • аккаунттан өздігінен шығып кету.

Министрлік азаматтарға растау кодтарын ешкімге бермеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және бейтаныс адамдардың айтуымен қосымшалар орнатпауға кеңес берді.

"Сондай-ақ телефон мен компьютерді зиянды бағдарламаларға тұрақты түрде тексеріп, егер WhatsApp-та рұқсатсыз белсенділік байқалса, барлық белсенді сеанстарды аяқтап, екі сатылы тексерудің PIN-кодын өзгерту және бұл туралы байланыстағы адамдарды ескерту қажет. Бұдан бөлек, егер танысыңыздың атынан шұғыл ақша аударуды сұраған хабарлама келсе, алдымен оған телефон арқылы немесе басқа байланыс тәсілімен хабарласып, хабарламаны шынымен өзі жібергеніне көз жеткізу ұсынылады", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау