USD: 473.1 / 476.1
  • EUR: 540.5 / 545.5
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Қазақстанда дипфейк арқылы жасалатын интернет-алаяқтық көбейген: ІІМ ескерту жасады

Фото: Рolisia.kz
Фото: Рolisia.kz
Полиция жалған брокерлердің жаңа алаяқтық тәсілі туралы ескертті.

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды дипфейк технологиялары мен жалған брокерлер арқылы жасалатын интернет-алаяқтықтан сақ болуға шақырды. Ведомствоның мәліметінше, соңғы уақытта инвестиция салу сылтауымен азаматтарды алдау деректері жиілеген.

Министрліктің хабарлауынша, қаскөйлер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жасанды интеллект көмегімен жасалған дипфейк бейнелерді пайдаланып, танымал тұлғалардың атынан түрлі инвестициялық жобалар мен қорларға ақша салуға үгіттейді.

"Олар азаматтарға жылдам әрі кепілдендірілген табысқа уәде беріп, мобильді қосымшаларды орнатуды, күмәнді сілтемелерге өтуді немесе ақшаны "инвестиция", "аккаунтты тіркеу" не "табысты ұлғайту" деген сылтаумен бөгде адамдардың шоттарына аударуды ұсынады", – делінген хабарламада.

ІІМ мәліметінше, ақша аударылғаннан кейін алаяқтармен байланыс үзіліп, уәде етілген табыс төленбейді. Кей жағдайда олар "салық", "алым" немесе "сақтандыру жарнасы" деген желеумен қосымша қаражат талап етуді жалғастырады.

Ведомство барлық анықталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын және қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау, сондай-ақ алаяқтық интернет-ресурстар мен заңсыз ақша аудару арналарының жолын кесу шаралары қабылданып жатқанын хабарлады.

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті азаматтарға "кепілдендірілген табыс" туралы ұсыныстарға сенбеуге, бейтаныс адамдардың шотына ақша аудармауға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, тексерілмеген қосымшаларды орнатпауға және инвестиция салмас бұрын компания туралы ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге кеңес берді.

Егер интернет-алаяқтықтың құрбаны болсаңыз немесе осындай деректер туралы ақпарат білсеңіз, ІІМ тұрғылықты жеріңіздегі полицияға немесе 102 арнасына дереу хабарласуға шақырды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау