Voice Beyond Horizon: 5 ақпанда Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасының премьерасы өтеді

Фото: dimashnews
Фото: dimashnews
Қазақстанда бағдарлама Qazaqstan ұлттық арнасында көрсетілетін болады.

5 ақпанда Қытайдың Hunan TV телеарнасында халықаралық музыкалық Voice Beyond Horizon жобасының ресми премьерасы өтеді. Бағдарлама Димаш Құдайбергеннің бастамасымен Hunan Broadcasting System медиахолдингімен бірлесіп жүзеге асырылды, деп хабарлайды Dimashnews.

Жоба Қазақстанның алты өңірінде түсіріліп, елдің табиғи сұлулығы мен туристік әлеуетін әлемге танытуды мақсат етеді. Қатысушылар қатарында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінің өнерпаздары бар.

Түсірілімдер Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Ақмола облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларында өтті. Бағдарламада көне Түркістан қаласы, Бозжыра шатқалы, Каспий теңізінің жағалауы, Қапшағай су қоймасы және Щучинск-Бурабай курорттық аймағы көрсетіледі.

Халықаралық музыкалық шоу 5 ақпаннан бастап әр бейсенбі сағат 22:00-де Қытайдағы Hunan TV телеарнасында және Mango TV онлайн платформасында көрсетіледі. Қазақстанда бағдарлама Qazaqstan ұлттық арнасында көрсетілетін болады.

Серіктестер жаңалықтары