USD: 490.5 / 493.5
  • EUR: 571.0 / 576.0
  • RUB: 6.57 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Вьетнамның әуе компаниясы Алматыдан ұшатын рейстеріне жеңілдік ұсынды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Жеңілдік билетті 7 маусымға дейін сатып алғанда қолданылады.

Vietjet әуе компаниясы 10 қазанда іске қосылатын Алматы – Прага және Алматы – Ханой бағыттары бойынша Deluxe билеттеріне 159 мың теңгеден басталатын жеңілдік науқанын жариялады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 

Бұл науқан аясында билеттерді 1 маусым мен 7 маусым аралығында сатып алу қажет. Ал сапар уақыты 2026 жылғы 10 қазаннан 2027 жылғы 31 наурызға дейін жалғасады. 

"Ұсынысты пайдалану үшін жолаушылар билетті сатып алу кезінде "Promo Code" өрісіне "HELLOVIETNAM" промокодын енгізуі қажет. Deluxe санатындағы билеттерге 40 кг тіркелетін багаж, 10 кг қол жүгі және бортта ұсынылатын дәмді ыстық тағам кіреді. Сондай-ақ Deluxe жолаушылары рейс параметрлерін тегін өзгерту және орынды тегін таңдау мүмкіндігіне ие болады", – делінген хабарламада. 

Еске салайық, VietJetAir әуе компаниясы 10 қазаннан бастап Чехия астанасы – Прага мен Вьетнам астанасы – Ханой қалаларына Алматыдан тікелей әуе рейсі іске қосылатынын хабарлады. 

Жолаушылар Airbus A330 ұшақтарымен аптасына 2 рет – сейсенбі және сенбі күндері тасымалданады. Компания ақпаратына сәйкес, ұшы кестесі төмендегідей:

  • Алматы – Ханой: Алматы халықаралық әуежайынан жергілікті уақыт бойынша 08:10-да ұшу, Ханойға сол күні жергілікті уақыт бойынша 16:20-да қону.
  • Ханой – Алматы: Ханойдан 08:25-те ұшу, Алматыға сол күні жергілікті уақыт бойынша 12:50-де келу.
  • Алматы – Прага: Алматы халықаралық әуежайынан жергілікті уақыт бойынша 14:20-да ұшу, Прагаға сол күні жергілікті уақыт бойынша 18:55-те қону.
  • Прага – Алматы: Прагадан 20:30-да ұшу, Алматыға келесі күні жергілікті уақыт бойынша 07:10-да келу.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз