USD: 470.9 / 473.7
  • EUR: 548.0 / 553.0
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Күзде Алматыдан Прага мен Ханойға тікелей әуе рейстері ашылады

Фото: VietJetAir
Фото: VietJetAir
Қос бағытқа да билет құны 185 мың теңгеден басталады.

VietJetAir әуе компаниясы 10 қазаннан бастап Чехия астанасы – Прага мен Вьетнам астанасы – Ханой қалаларына Алматыдан тікелей әуе рейсі іске қосылатынын хабарлады. 

Жолаушылар Airbus A330 ұшақтарымен аптасына 2 рет – сейсенбі және сенбі күндері тасымалданады. Компания ақпаратына сәйкес, ұшы кестесі төмендегідей:

  • Алматы – Ханой: Алматы халықаралық әуежайынан жергілікті уақыт бойынша 08:10-да ұшу, Ханойға сол күні жергілікті уақыт бойынша 16:20-да қону.
  • Ханой – Алматы: Ханойдан 08:25-те ұшу, Алматыға сол күні жергілікті уақыт бойынша 12:50-де келу.
  • Алматы – Прага: Алматы халықаралық әуежайынан жергілікті уақыт бойынша 14:20-да ұшу, Прагаға сол күні жергілікті уақыт бойынша 18:55-те қону.
  • Прага – Алматы: Прагадан 20:30-да ұшу, Алматыға келесі күні жергілікті уақыт бойынша 07:10-да келу.

Алматы – Ханой және Алматы – Прага бағыттарындағы билет құны 185 мың теңгеден басталады. Жолаушылар өзімен бірге 40 келі жүк, 10 келі қол жүгін алып жүре алады. 

"Алматыдан жаңа рейстерді іске қосу – Қазақстанды Вьетнаммен және Еуропамен байланыстыру миссиямыздағы стратегиялық қадам. Біз заманауи A330 ұшақтарын пайдалана отырып, қарқынды дамып келе жатқан нарықтар арасында көпір орнатып, саяхаттарды қолжетімді әрі ыңғайлы етеміз. Жаңа бағыттар Қазақстан, Вьетнам және Чехия арасындағы туризмді, іскерлік ынтымақтастықты және мәдени алмасуды айтарлықтай нығайтады деп сенеміз", – деді Vietjet бас директоры Нгуен Тхань Шон.

Айта кетейік, билетті қазірден бастап сатып алуға болады. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз