Вьетнамдық Vietjet әуе компаниясы биыл күзде Алматыдан Прага мен Ханойға әуе рейсін ашады. Сәйкесінше Үндіқытайлық жолаушылар, Қазақстанда тоқтап, әрі қарай Еуропаға бара алады. Бұл Қазақстан туризмінің дамуына серпін береді.
Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, ол биылғы 6 айда 13,4 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетіп, 72 мың рейс орындаған. Сонымен қатар 41 мың тоннаға жуық жүк тасымалданды. Қазіргі уақытта компанияның маршруттық желісі 46 ішкі және 167 халықаралық бағытты қамтиды. Халықаралық бағыттардың қатарында Қазақстан, Чехия, Қытай және Шри-Ланкаға жоспарланған жаңа рейстер бар.
Есептік кезеңде Vietjet әуе флотын жаңарту және кеңейту бойынша бірқатар келісімдер жасасты. Компания Pratt & Whitney-мен 44 Airbus A320neo ұшағына арналған GTF қозғалтқыштарын жеткізу туралы келісімдерге қол қойған. Сондай-ақ 12 Boeing 737-8 ұшағын сатып алуға қаржыландыру тартылған. Сондай-ақ, компания жерүсті қызмет көрсету, жүк тасымалы, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және авиациялық мамандар даярлау бағыттарын да дамытып жатыр. Операциялық шығындарды азайту және тиімділікті арттыру үшін жасанды интеллект негізіндегі технологиялар енгізілуде.
Айта кетейік, 2026 жылғы мамырда Vietjet брендінің құны $906 млн болған. Vietjet-тің қазіргі тапсырыс портфелінде Airbus және Boeing ұшақтарын қоса алғанда 600-ден астам әуе кемесі бар.
Қазақстандағы әуе жолаушыларының саны бір жылда 40 пайызға өсті – IATA
Күзде Алматыдан Прага мен Ханойға тікелей әуе рейстері ашылады