Тікелей эфир

Вьетнам президенті Во Ван Тхыонг: Қазақ халқының жәрдемін ешқашан ұмытпаймыз

Ол Қазақстанмен арадағы дәстүрлі достық қарым-қатынасқа зор мән беретінін айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары кезінде Вьетнам президенті Во Ван Тхыонг екі ел арасындағы ынтымақтастықты жандандыру ісін жоғары бағалап, Қазақстан мен Вьетнамның серіктестігін одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

"Сіздің елімізге жасаған алғашқы ресми сапарыңыз екі мемлекеттің дәстүрлі достық қарым-қатынасы мен көпжақты ынтымақтастығын жандандыруға тың серпін беретініне сенімдімін. Мен Қазақстанда сапармен болдым. Өте тамаша, ғажап ел, халқының қонақжайлығына тәнті болдым. Вьетнам Қазақстанның дамуын және Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан халқының жеткен зор табысын жіті бақылап отыр. Сіздің тәжірибеңіз бен стратегиялық көрегендігіңіздің арқасында Қазақстан одан әрі дамып, әлемдегі және аймақтағы тұрақтылықты сақтауға елеулі үлес қосатынына сенімдімін", – деді Вьетнам Президенті.


Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен келді


Ол Вьетнам ұлт-азаттық күресі мен мемлекеттің бірігуіне және қазіргі дамуына қазақ халқының көрсеткен жәрдемін ешқашан ұмытпайтынын әрі алғыс айтатынын жеткізді.

"Біз Қазақстанмен арадағы дәстүрлі достық қатынасқа зор мән береміз және еліңізді Орталық Азиядағы маңызды серіктес санаймыз", – деді Во Ван Тхыонг 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесі Во Ван Тхыонгты Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Серіктестер жаңалықтары