USD: 485.5 / 488.5
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.55 / 6.67
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Вейп пен энергетикалық сусынға шектеу: Қазақстанда балаларды қорғаудың жаңа шаралары қандай?

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Үкімет ана мен бала денсаулығындағы өзгерістерді атады.

Қазақстанда кейінгі бес жылда ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған қаржыландыру көлемі екі еседен астам өсіп, 585 млрд теңгеге жетті. Үкіметтің мәліметінше, бұл еліміздің жалпы медициналық бюджетінің төрттен бір бөлігін құрайды.

Үкіметтің хабарлауынша, бүгінде балаларға медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында көрсетіледі.

"Соңғы жылдары Қазақстанда бала дүниеге келмей тұрып анықталатын патологиялардың алдын алу мен ерте диагностикалауға ерекше назар аударылып отыр. Осы бағыттағы маңызды жаңашылдықтардың бірі – фетальды хирургияның, яғни жатырдағы сәбиге операция жасау тәжірибесінің енгізілуі. Фетальды хирургияны дамыту және 4 мыңға жуық медбике жұмыс істейтін патронаж жүйесін енгізу нәтижесінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарымен салыстырғанда нәресте өлімі 7,5 есеге, ал ана өлімі 6 есеге төмендеген. Туғаннан кейін балалар міндетті түрде бірқатар медициналық тексеруден өтеді. Олардың қатарында неонатальды, аудиологиялық және офтальмологиялық скринингтер, сондай-ақ баланың даму деңгейін бағалау шаралары бар", – делінген хабарламада.

Сонымен бірге өңірлерде балалар ауруханалары жаңартылып, жаңа перинаталдық орталықтар салынуда. Мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмектің көлемі кеңейіп келеді. Бұл әсіресе балалар онкогематологиясы саласында байқалады.

Жасөспірімдер денсаулығын сақтау бағытында да жаңа тәсілдер енгізілген. Қазіргі таңда еліміздегі барлық мектептер алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына бекітілген. Білім беру мекемелеріндегі медициналық пункттер аурулардың алдын алу, оқушылардың дене дамуын бақылау және салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын жүргізеді.

Үкімет мәліметінше, 2025 жылдан бастап мектептерде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай әзірленген тамақтанудың жаңа стандарты қолданысқа енгізілді.

"Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қолдау жүйесі де кеңейтіліп жатыр. Қажет болған жағдайда балалар мен олардың ата-аналары жастар денсаулығы орталықтары мен психикалық денсаулық орталықтарынан кеңес ала алады. Сондай-ақ төтенше жағдайларда көмек көрсету үшін тәулік бойы жұмыс істейтін "112" бірыңғай нөмірі қолжетімді. Балалардың денсаулығына зиянды әсерді азайту мақсатында электронды темекі мен вейп өнімдерінің айналымына заң жүзінде шектеулер енгізіліп, 21 жасқа толмаған азаматтарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынған", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз