Оқу-ағарту министрлігі "Үздік педагог" байқауына қатысуға өтінім қабылдау басталғанын хабарлады. Байқауға қатысуы үшін "Үздік ұстаз" сайтында тіркелу қажет.
Байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері қатыса алады. Биыл цифрландыру бағытында үлкен жұмыс атқарылды. Байқаудың барлық кезеңі, нақтырақ айтқанда, қатысушыларды тіркеуден бастап республикалық кезеңнің қорытындысын шығаруға дейін толығымен цифрландырылған. Жеңімпаздарға 3 млн теңге көлемінде сыйақы беріледі.
Еске салайық, биылдан бастап байқауға жекеменшік мектеп педагогтері де қатыса алады.
Байқау үш кезеңнен тұрады:
- I кезең – аудандық, қалалық деңгей;
- II кезең – облыстық деңгей;
- III кезең – республикалық деңгей.
Екі байқаудың қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған мұғалімдер республикалық деңгейге өтеді. Республикалық "Үздік педагог" байқауы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді.
Байқаудың өзге шарттарымен осы жерден таныса аласыздар.