Тікелей эфир

Үшінші Ұлттық құрылтай шежірелі Атырау облысында өтеді

Бүгінгі құрылтай киелі Түркістан қаласында өтті.

Президент Ұлттық құрылтайдағы сөзінде үшінші отырысты Атырау облысында өткізуді ұсынды. 

Осы орайда ол аймақтың қазақ халқы үшін ерекше маңыздылығы бар екенін атап өтті. 

"Осымен, Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын қорытындылайық. Былтыр Ұлытауда, биыл киелі Түркістанда бас қосып, елдік мәселелерді талқыладық. Ел тарихында айрықша орны бар тағы бір аймақ – Атырау облысы. Ондағы әйгілі Сарайшық қаласында атақты хандарымыз ордасын тіккен. Мен Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын осы шежірелі аймақта өткізуді ұсынамын. Елімізде лайым жақсылық көп болсын!" – деді мемлекет басшысы. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев Түркістан туралы: Шежірелі шаһардың қабырғасына қазақтың жылнамасы түгел жазылған


 

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары