USD: 471.9 / 474.7
  • EUR: 552.0 / 557.0
  • RUB: 6.21 / 6.33
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Үсік, аптап ыстық, жаңбыр: синоптиктер 14 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Кей өңірлерде шаңды дауыл мен екпінді жел болады.

14 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" мәлімдеді.

Синоптиктердің болжамынша, түнгі уақытта Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігі мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Абай облысының батысында және Жетісу облысының таулы аудандарында 1-3 градус үсік жүреді.

Елдің оңтүстік өңірлерінде күн айтарлықтай жылынады. Атырауда күндіз ауа температурасы +30…+32 градусқа дейін көтерілсе, Түркістан мен Қызылорда облыстарында +30 градусқа жуық ыстық болады. Кей өңірлерде шаңды дауыл мен екпінді жел күтіледі.

Алматыда күн ашық әрі жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы күндіз +20…+22 градусқа дейін жетеді. Астанада күндіз +18…+20 градус жылы болады.

Ал шығыс өңірлерде жаңбыр жауады. Семей мен Өскеменде күндіз жел күшейіп, ауа температурасы +13…+15 градус шамасында болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз