Тікелей эфир

Үш тіл орнына – көп тіл: Мектептің оқу бағдарламаларына өзгеріс енгізіледі

Білім беру мазмұны тәуелсіздік, патриотизм, бірік, әділдік, еңбекқорлық, жаңашылдық және өзге де базалық құндылықтарға бағытталады.

Оқу-ағарту министрлігі "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" оқу-ағарту министрінің бұйрығына енгізілетін өзгерістерді көпшілікке таныстырды. 

Өзгертулердің бір бөлігі білім беру ұйымдарында тіл оқыту мәселесіне қатысты. Атап айтқанда, "Үш тілде білім беру" термині "көп тілді" білім берумен ауыстырылған. 

"Көп тілді білім беру тілдерді кезең-кезеңімен немесе қатарынан бірнеше тілді оқыту негізінде: 1) мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, орыс және шетел тілдерін деңгейлік меңгеру; 2) қазақ, орыс және шетел тілдерінде сабақтан тыс іс-шаралар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады", – делінген жаңа мазмұнда. 


Оқи отырыңыз: Үштілділік саясаты мен жаһандану. Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытуға не кедергі?


"Тіл және әдебиет" білім беру саласының мазмұны:

  • қазақ тілінде оқытатын сыныптарда: "Әліппе", "Ана тілі", "Қазақ тілі", "Әдебиеттік оқу", "Орыс тілі", "Шетел тілі";
  • орыс тілінде оқытатын сыныптарда: "Букварь", "Обучение грамоте", "Қазақ тілі", "Русский язык", "Литературное чтение", "Шетел тілі";
  • ұйғыр/өзбек/тәжік тілдерінде оқытатын сыныптарда: "Әліппе", "Сауат ашу", "Қазақ тілі", "Ұйғыр/Өзбек/Тәжік тілі", "Әдебиеттік оқу", "Орыс тілі", "Шетел тілі" оқу пәндерінде жүзеге асырылады.

"Тіл және әдебиет" білім беру саласының мазмұны Қазақстанның ұлттық мәдениетінің бірлігі мен әртүрлілігі, ұлттық сана-сезімнің негізі, белсенді коммуникация құралы ретінде сөйлеу қызметінің төрт түрі бойынша дағдыларды дамыту арқылы мемлекеттік тіл туралы түсініктерін қалыптастырады", – делінген өзгертулер жобасында. 

Серіктестер жаңалықтары