Тікелей эфир

ҰҚК радикалды идеологияны насихаттаған шымкенттік азаматты ұстады

Ол ұзақ уақыт бойы алыс шетелде тұрған.

Шымкентте ҰҚК қызметкерлері радикалды идеологияны насихаттаушыны ұстады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

"Ер адам әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттады деген күдікке ілінді. Тергеу мәліметтері бойынша, азамат ұзақ уақыт бойы шет мемлекеттердің бірінде тұрған және радикалды идеологияға сол жақта бет бұрған", – деп хабарлады арнайы қызмет.

Ұсталған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 256-баптың осы бөлігінің санкциясы мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.


Оқи отырыңыз: "Сені маған уәде етті": Діни фанатизм мәселесі отандық фильмге арқау болды


 

Серіктестер жаңалықтары