ҰҚК Қазақстан-Ресей шекарасында көлік өткізу кезінде қиындықтар болуы мүмкін екенін ескертті

Басқа пунктер штаттық режимде жұмыс істейді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан-Ресей шекарасында көлік өткізу кезінде қиындықтар болатынын ескертті.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Сырым" бақылау өткізу бекетінде көлік қозғалысы қиындайды.

"ҰҚК Шекара қызметі 29 шілде мен 3 тамыз аралығында Қазақстан – Ресей шекарасындағы "Сырым" өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлайды. Көрсетілген кезеңде шектес аумақтағы "Маштаково" бақылау өткізу бекетінің инспекциялық-тексеру аймағында жол төсемін жөндеу жоспарланған", – делінген хабарламада

Комитет хабарлағандай, басқа пунктер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ.

Көлік жүргізушілері осыны ескеріп, қозғалыс бағдарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз