Тікелей эфир

Мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктері стратегиялық нысандар қатарына жатқызылады

Бұл шешім Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі мәселелеріне байланысты қабылданып отыр.

Қазақстанның мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктерін стратегиялық нысандар қатарына жатқызуды көздейтін үкімет қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында қоғам талқысына ұсынылды. 

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктерінің қазақстандық қоғамның орнықты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, оларды иелену және пайдалану және басқару Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне ықпал ететін болады. Осыған байланысты оларды стратегиялық объектілерге жатқызу қажеттілігі туындайды", – делінген құжат жобасының негіздемесінде. 


Оқи отырыңыз: Абай облысының Қытаймен шекарасында қазақстандық үшінші теміржол өткелі іске қосылады


Заң бойынша, қазіргі таңда стратегиялық нысандарға ҚР Қарулы күштерінің мекемелері мен әскери бөлімдері, мемлекеттік материалдық резерві сақталатын нысандар, бактериологиялық, биологиялық және өзге де қауіпті заттар сақталатын мемлекеттік ұйымдар, ғарыш инфрақұрылымы нысандары, атом энергиясын қолданатын нысандар, жылу-электр орталықтары мен ауыз сумен қамту нысандары жатқызылған. 

Қазақстанның мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктерінің толық тізімімен осы жерден танысуға болады. 

Серіктестер жаңалықтары