ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері: Астанадағы әскери шеруге кімдер қатысады

Фото: Астана әкімдігінің сайты
Фото: Астана әкімдігінің сайты
Шеру 7 мамыр күні сағат 11:00-де басталады.

Астанада 7 мамырда Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ауқымды әскери шеру өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігі.

Шеруге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери іс-қимылдардың ардагерлері, ҚР Қарулы Күштерінің үздік бөлімшелері, құрмет қарауыл роталары, ҚР Қарулы Күштерінің, өзге де әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери құқық қорғау органдарының ардагерлері шақырылды.

Елордада 7 мамыр күні мереке құрметіне концерттер мен әскери шерудің тікелей эфирі өтеді. Сағат 11:00-ден бастап үлкен LED экрандарда шеру бірден бірнеше орында көрсетіледі:

  • Елорда әкімдігі ғимаратының жанындағы қалалық алаңда (тікелей эфир және мерекелік концерт);
  • "Астана Арена" стадионының аумағында (тікелей эфир және мерекелік концерт);
  • Astana Music Hall автотұрақ аумағы (Құмыра) Б.Момышұлы даңғылы, 1 (тек тікелей трансляция).

Сонымен қатар, іс-шара республикалық телеарналардың тікелей эфирінде көрсетіледі.

Шеру өтетін жерде қауіпсіздік пен бақылау шаралары күшейтілетіндіктен, Астана әкімдігі қалада көлік қозғалысы шектелетінін ескертті. 

"Қозғалыс бағытыңызды алдын ала жоспарлауды және өзгерістерді ескеруді, сондай-ақ, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздік ережелері мен нұсқауларын сақтауды сұраймыз. Көрсетілген учаскелерден өту және жол жүру барлық іс-шара аяқталғаннан кейін қайта жанданады", – делінген әкімдіктің хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Жеңістің 80 жылдығы: Астанада әскери парад өткізуге 2,5 миллиард теңге жұмсалады


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары