USD: 487.3 / 490.3
  • EUR: 565.5 / 570.5
  • RUB: 6.37 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Ұлытау өңіріндегі шахтадағы төтенше жағдайдан кейін қылмыстық іс қозғалды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Апат салдарынан жеті кенші қаза болды.

Ұлытау облысындағы "Жомарт" кенішінде болған апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық ПД. 

"Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігіне сәйкес "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында департаменттің жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр", – делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта барлық қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 17 ақпанда Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында "Қазақмыс" компаниялар тобына тиесілі кен орнында тау жыныстары құлап түсті. Жеті жұмысшы құлаған аймақтың арғы жағында қалып, барлығы қайтыс болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақмыс" корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз