
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақмыс" корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді. Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді", – делінген Ақорданың хабарламасында.
Еске салайық, 17 ақпанда Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында "Қазақмыс" компаниялар тобына тиесілі кен орнында тау жыныстары құлап түсті. Жеті жұмысшы құлаған аймақтың арғы жағында қалып, барлығы қайтыс болды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабы, 3-бөлігі бойынша "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" фактісі негізінде қылмыстық іс қозғалды.
Оқи отырыңыз: Уголовное дело завели после ЧП на руднике в Улытауской области