Тікелей эфир

Ұлытау облысының Жезқазған кенті таратылады

Бұл – облыс орталығымен атауы бір болғанымен, Сәтбаев қаласына қарасты кент екенін ескертеміз.

Ұлытау облысы әкімдігінің қаулысы мен облыс мәслихаты шешіміне сәйкес, өңірде Сәтбаев қаласына қарайтын Жезқазған кенті таратылады.

Кент Сәтбаев қаласының әкімшілік-аумақтық бағынысына енгізіліп, кейіннен есептік деректерден алынады. 

Облыс әкімдігінің түсіндіруінше, бұған Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының өкілді және атқарушы органдарының ұсыныстары негіз болған. 

Айта кетейік, Жезқазған кенті Сәтбаев қаласының оңтүстік батысында орналасқан болса, облыс орталығы Жезқазған қаласынан солтүстік батысқа қарай 25 шақырым жерде. Елді мекен тарихы 1907 жылдан басталады, ал кент болып 1937 жылы бекіген. Кентте 8 мыңнан астам адам тұрады. 


Оқи отырыңыз: Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарына – 2 жыл: не өзгерді? Пікірлер топтамасы


 

Серіктестер жаңалықтары