Ұлытау облысындағы алғашқы мемлекеттік жоғары оқу орны – Ұлытау техникалық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғам болып құрылады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жазылған. Бұған дейінгі жобада университет шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын болатыны жазылған еді.
Ұлытау техникалық университеті Жезқазған қаласында ашылады және Ғылым және жоғары білім министрлігіне бағынады.
Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Ұлытау облысына жасаған сапары барысында Жезқазған қаласында мемлекеттік техникалық университет ашу мәселесін қарастыруды тапсырған болатын.
Оқи отырыңыз: Жезқазғанда Ұлытау техникалық университеті құрылады
Құжат жобасын талқылау мерзімі – 25 мамырға дейін.