Тікелей эфир

Жезқазғанда Ұлытау техникалық университеті құрылады

Онда студенттер техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алады.

Ашық НҚА порталында Жезқазған қаласында мемлекеттік техникалық университет құруды көздейтін Үкімет қаулысының жобасы жарияланды.

Жаңа жоғары оқу орнының толық атауы – Ұлытау техникалық университеті шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. Ол негізгі мәні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсынады.

Ұлытау техникалық университеті Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне бағынады.


Оқи отырыңыз: Ұлытау тұрғындарының жалақысын 20 пайыз көбейту ұсынылды


Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Ұлытау облысына жасаған сапары барысында  Жезқазған қаласында мемлекеттік техникалық университет ашу мәселесін қарастыруды тапсырған болатын.

Құжат жобасын талқылау мерзімі – 4 мамырға дейін.

Серіктестер жаңалықтары