Ұлытау облысында 35 млрд теңгеге 22 жоба жүзеге асырылады

Сондай-ақ, Жәйрем кентінде спорт кешені салынады.

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы облыс әкімдігі мен Қазақмыс холдинг және Қазцинк компаниялары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын хабарлады.

Меморандум аясында Kazakhmys Holding Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданында жалпы сомасы 35 млрд теңгеге 22 жобаны іске асырады. 2024 жылға дейін өңірде дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Жезқазған қаласында музыкалық драма театры мен балабақша, тұрғын үйлер, Сәтбаев қаласында емхана мен жарақат пункті және тағы басқа әлеуметтік-мәдени нысандар салынады.

Сондай-ақ, Казцинк компаниясы да Жәйрем кентінің әлеуметтік-экономикалық дамуына 600 миллион теңгеге жуық қаражат бөлетінін белгілі болды. 2023-2024 жылдары Жәйремде спорт кешені бой көтереді.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз