Ұлытау облысында 300 пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталды

Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңа нысандар 2027 жылы пайдалануға беріледі.

Бүгін Жезқазған және Сәтбаев қалаларында жаңа тұрғын үйлердің іргетасын қалау рәсімі өтті, деп хабарлады Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аталған нысандардың құрылысын "QazaqStroy" компаниясы жүзеге асырады. Жаңа тұрғын үй кешендері қалалардың қолданыстағы инфрақұрылымымен үйлесімді ықпалдастырылып, іргелес аумақтар кешенді түрде абаттандырылады. 

Жезқазған қаласында жалпы 240 пәтерге арналған бес қабатты жеті тұрғын үй салынады. Оның бесеуі екі кіреберісті, екеуі бір кіреберісті болады. Барлық үйлер жертөле бөлмелерімен жабдықталады. 

Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәтбаев қаласында 60 пәтерлі бес қабатты тұрғын үй бой көтереді. Жоба аясында аула аумағын абаттандыру, балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, автотұрақтар мен демалыс орындарын, сондай-ақ көгалдандырылған аумақтарды ұйымдастыру көзделген. 

Тұрғын үйлерді жобалау барысында қауіпсіздік талаптарына, энергия тиімділігіне және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше мән берілді. 

Жаңа нысандарды пайдалануға беру 2027 жылға жоспарланған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау