Тікелей эфир

Ұлытау облысына көшкен мемлекеттік қызметшілерге пәтер сатып алу үшін үкіметтен 2,3 млрд теңге бөлінеді 

Қаулы жобасы қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

2023 жылдың 20 желтоқсанына дейін Ұлытау облысына қоныс аударған мемлекеттік қызметшілерді қызметтік орналастыру үшін тұрғын үйді коммуналдық меншікке сатып алуға Қазақстан Республикасы үкіметінің резервінен қаражат бөлінеді, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

1 қыркүйекке дейін қоғам талқысына шығарылған Қаулы жобасында Ұлытау облысында тұрғын үй сатып алу үшін 2 384 640 000 теңге сомасында қаражат қажет екені жазылған. 

"Қазақстан Республикасы үкіметінің резервінен қаражат бөлу Ұлытау облысы орталығына қоныс аударған мемлекеттік қызметшілерді қызметтік орналастыру үшін тұрғын үйді коммуналдық меншікке сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ұлытау облысының әкімдігі аппаратының қоныс аударған мемлекеттік қызметшілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қажет", – делінген түсіндірме жазбада. 


Оқи отырыңыз: 15 тамыз күні Шымкентте Qamqor ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады


Ұлытау облысы әкімдімдігінің ақпараты бойынша тұрғын үйді сатып алуды 2023 жылғы 20 желтоқсанға дейін аяқтау жоспарланған.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары