Тікелей эфир

15 тамыз күні Шымкентте Qamqor ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Фото informburo.kz
Фото informburo.kz
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен "Қамқор" бағдарламасы ертең іске қосылады.

15 тамыз күні сағат 11:00-де (Астана уақыты бойынша) otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында "Қамқор" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады. 

Бұл бағдарлама ең алдымен тұрғын үй кезегіне тіркеле алмайтын сала мамандарына арналған. Оған дәрігер, медбике, санитар, педагог, тәрбиеші, ЖОО және колледж оқытушысы, ғылыми қызметкер, мәдениет және спорт саласының қызметкері, журналист, энергетика саласының және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының қызметкерлері, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады.

Жеңілдетілген несиелеуге үміткерлер балдық жүйе арқылы іріктеледі. 

Qamqor бағдарламасының артықшылықтары: 

1. Берілетін қарыз сомасы – 20 млн теңгеге дейін;
2. Бірегей пайыздық мөлшерлеме – 5% (ЖТСМ – 5,2%);
3. Бастапқы жарна – 10%;
4. Несие мерзімі – 25 жылға дейін.

Бағдарламаға қалай және кім қатыса алады?

  • 63 жасқа дейінгі азаматтар;
  • Соңғы 5 жылда басында жылжымайтын мүлкі болмаған тұрғындар;
  • Шымкент қаласында кемінде 3 жыл тұрғандар;
  • Қаланың түрлі саласында еңбек еткен қызметкерлер – журналист, дәрігер, білім, мәдениет, спорт, энергетика мамандары және тағы басқалар.

Оқи отырыңыз: 2027 жылы кітапханашы мен мұрағат ісі мамандарының жалақысы екі есе өседі


Қатысушыларды іріктеу қалай өтеді?

  Сіздің қатысуыңыз ұпай жүйесі бойынша бағаланады:

  • 35 жасқа дейінгі жастарға – 5 ұпай;
  • Жұмыс өтілі – 5 ұпайдан басталады, жыл сайын бір балл қосылады;
  • Некелескен болса – 5 балл, жыл сайын қосымша 2 балл;
  • 18 жасқа дейінгі балалар болса – әр бала үшін 1-2 ұпай қосылады;
  • ЖАО кезекте тұрушы болса – 10 ұпай беріледі;
  • Банк салымшысы болса – 2 балл;
  • Шымкентте тіркелсе – 5 балл қосылады. 

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары