Ел чемпионаты аясында бірнеше лига жасақталады.
Биыл көкпардан Қазақстан біріншілігі "Ұлы дода" атауымен жаңа форматта өтеді. Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық спорттың танымалдылығын арттырып, инфрақұрылымын дамыту мақсатында жүйелі жарыс ұйымдастыруды көздеп отыр.
Ел чемпионаты аясында бірнеше лига жасақталады.
Атап айтқанда, "Аламан дода" немесе жоғары лигада өткен жылғы ел чемпионатының қорытындысы бойынша 1-6 орындарды иеленген ең үздік 6 команда өнер көрсетеді. Қатысушы командалар әр турда өзінің немесе қарсыластың алаңында ойнайтын болғандықтан, көрермендер жоғары лигада 30 матч тамашалай алады.
"Дүбірлі дода" деп аталатын бірінші лигада былтырғы жылғы ел чемпионатында 7-20 орындарды иеленген 14 команда ойнайды. Жарыс 4 турдан тұрады. Қатысушы командалар бір-біріне қарсы кездесу өткізіп, ұпай жинайды. Жоғары және бірінші лиганың жеңімпаздары Республика күні қарсаңында өтетін "Ұлы дода" жарысында өзара мықтыны анықтайды.
Оқи отырыңыз: Көкпар ардагері: Қазандық енгізілген көкпарға мүлдем қарсымын
Бұдан бөлек, ел біріншілігі аясында "Керме дода" атауымен екінші лига ойынға шығады. Бұл жарысқа құжаты расталған ауылдық, аудандық немесе жекеменшік кез келген команда қатыса алады. Байрақты бәсеке 2 турдан тұрады және барлық қатысушы командалар бір-біріне қарсы кездесу өткізеді. "Керме дода" жеңімпазы келесі маусымда бірінші лигада ойнау мүмкіндігіне ие болады. Ал, бірінші лиганың үздік командасы "Аламан додаға" яғни, жоғары лигаға өтеді.
"Ұлттық спорт жанкүйерлері жарты жыл бойы тартысқа толы кездесулерді тамашалап, маусым бойы өз командасына жанкүйер бола алады. Келесі жылдан бастап жоғары лигада ойнайтын командаларға өз ипподромы болуы міндеттеледі. Сондай-ақ, жастар мен жасөспірімдер командаларын қатар дайындау туралы шарт қойылады, – деді мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1⚡️ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ-2023: ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
-
256
-
0
-
4
-
-
2Венецияда көпірден автобус құлап 15 шақты адам мерт болды
-
251
-
0
-
4
-
-
3💲Бүгінгі күнге арналған валюта бағамы
-
255
-
0
-
7
-
-
4👀Іле-Алатау ұлттық паркінің орманшысын Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігімен Ақ қайың шатқалына келген белгісіз адамдар тобы ұрып кетті.
-
253
-
0
-
6
-
-
5Онлайн дұға жасауға қатысты ҚМДБ өкілінің жауабы
-
247
-
0
-
2
-
-
6📣Грек-рим күресінен 67 келі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда Мейіржан Шармаханбет ирандық палуан Даниал Сейед Сохрабиді жеңді.
-
247
-
0
-
7
-
-
7👩💻Автокөлікке VIP нөмірді қалай алуға болады?
-
245
-
0
-
7
-
-
8Өңделмеген металл рудаларын Қазақстаннан экспорттауға тыйым салынбақ
-
239
-
0
-
6
-
-
9Көлік жүргізу куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгереді
-
224
-
0
-
3
-
-
10👮♀️Астанада 18 жасар қыз балконнан құлап, мерт болды
-
221
-
1
-
5
-